17.04.2026
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ
2026 жылғы 27 сәуірде сағат 14:00-де Педагогика және психология факультетінің Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының кеңейтілген отырысында Юсупова Гульдана Кайратовна философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін 6D010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасы бойынша дайындаған «Мектепке дейінгі ұйымдардың болашақ педагогтары арасында жобалық іс-әрекет негізінде өздігінен реттелетін оқу дағдыларын дамыту» тақырыбындағы диссертациясы талқыланады.
Кафедра отырысы офлайн және
онлайн форматтарда өтеді.
Диссертация Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.
Қорғау тілі — орыс тілі.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:
Бекмагамбетова Роза Қарпыковна —
педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Дмитриев Юрий Александрович — педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті (Мәскеу қ., Ресей).
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Тасжурекова Жумагуль Тлеуовна —
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Мектепке дейінгі білім беру
кафедрасы, Педагогика және психология институты, «Қазақ ұлттық қыздар
педагогикалық университеті» КЕАҚ (Алматы қ., Қазақстан).
Абитова Гульбану Тастановна — PhD
докторы, қауымдастырылған профессор, Мектепке дейінгі білім беру және
әлеуметтік педагогика кафедрасы, Педагогика және психология факультеті, Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Ахметова Айгуль Игеновна — PhD
докторы, қауымдастырылған профессор, Мектепке дейінгі білім беру және
әлеуметтік педагогика кафедрасы, Педагогика және психология факультеті, Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Отырысқа қосылу:
ZOOM: https://zoom.us/j/96161855718?pwd=gpKsTxP8NrnDH275kwjH1v1aNDfjHP.1
ID: 961 6185 5718
Код: 1234
Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Төле
би көшесі - 31, 29-аудитория