17.04.2026
«6В051 – ҚОРШАҒАН ОРТА» БАҒЫТЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨТЕДІ
Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Жаратылыстану және география» факультеті 2026 жылдың 29 – 30 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «6В051 – Қоршаған орта» бағыты бойынша бойынша оқитын студенттер арасында республикалық пәндік олимпиада өткізеді.
Пәндік олимпиада дарынды студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтап, қолдау және тұлғалық интеллектуалдық капиталын қалыптастыруға ықпал етеді. Жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттырып, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге қатысуын ынталандырады.
Олимпиаданың ережесін осы сілтемеден жүктеп алуға болады