Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиада өтті

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Ұлттық педагогикалық университетімен бірлесе отырып, қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада аясында студенттер мен мамандардың қаржылық мүдделерді қорғау және қаржылық қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы хабардарлығын арттыру мақсатында өткізілген іс-шараны сәтті өткізді.


2025 жылдың 9 сәуірінде өткен шараға 800-ден астам студент, сонымен қатар қаржылық қауіпсіздік және құқық қорғау саласының мамандары қатысты. Іс-шара дәріс, сауалнама, тәжірибелік тапсырмалар және ситуациялық есептер сияқты бірнеше кезеңнен тұрды, онда қатысушылар қаржылық заңнама, төлем жүйесінің қауіпсіздігі саласындағы білімдерін, сондай-ақ қаржылық қылмыстарды анықтау және алдын алу дағдыларын көрсетті.


Үздік командалар мен жеке қатысушылар бағалы сыйлықтарға, сондай-ақ Экономикалық тергеу департаментінде тағылымдамадан өтуге шақыртуға ие болды.