29.04.2026
Педагогтік қайта даярлау бағдарламасы (PGCE)
Кадрларды қайта даярлау бағдарламалары
кәсіптік қызметтің жаңа түрін орындау үшін қажетті ғылымның, техника мен технологияның жекелеген пәндерін, бөлімдерін
зерделеуді көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша қосымша білімді,
іскерлікті және дағдыларды игеруге бағытталған.
Курсты
педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша
педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар үшін жоғары оқу орны жүргізеді.
Педагогтік қайта даярлау курсының білім беру
бағдарламаларының тізбесі (PGCE)
1. 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
2. 6В01702 Орыс тілі мен әдебиеті
3. 6В01703 Шет тілі: екі шет тілі
4. 6В01705 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс
тілі мен әдебиеті
5. 6В01402 Музыкалық білім
6. 6В0l 4l6 Көркем білім
7. 6В01420 Еңбек және кәсіпкерлік негіздері
8. 6В01404 Дене шынықтыру
және спорт
9. 6В01501 Математика
10. 6В01504 Физика
11. 6В01507 Информатика
12. 6В01510 Химия
13. 6В01513 Биология
14. 6В01515 География
15. 6В0l 601 Тарих
16. 6В01902 Арнайы педагогика: Логопедия
Оқу бағдарламасының
ұзақтығы 7 ай
Бағдарлама тек мамандардың
қажеттіліктеріне және педагогтік дағдылардың қарқынды тәжірибесіне бағытталған.
Сабақтар ҚБТ
(қашықтықтан білім беру технологиялары) қолдану арқылы өткізіледі.
Педагогтік қайта даярлау
курстарын аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға өткен пәндерді көрсете отырып, Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өз үлгісіндегі сертификаты
беріледі.
Кредиттер саны – 60 ECTS
(1800 академиялық сағат)
Құжаттар 2026 жылғы 15 сәуірден 15 тамызға
дейін төмендегі мекенжай бойынша қабылданады:
Алматы қаласы, Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 205
Байланыс телефоны: 8 (727) 293-03-87
Қажетті
құжаттардың тізбесі:
1. ЖОО басшысының атына өтініш;
2. жеке басын куәландыратын құжаттың
көшірмесі;
3. білімі туралы құжаттың нотариалды
куәландырылған көшірмесі (диплом қосымшасымен); Диплом мен қосымшаның көшірмелерімен бірге салыстырып
тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен
кейін түпнұсқалар қайтарылады.
4. өлшемі 3х4 см болатын 2 фотосурет;
5. 075/У нысанындағы медициналық
анықтама;
6. Наркологиялық және
психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалар.