АСТАНАДА МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Астанада II халықаралық таланттар саммиті аясында Қазақстанда «Сириус» үлгісіндегі заманауи білім беру инфрақұрылымын құру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл бастама дарынды жастарды қолдауға және елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Салтанатты рәсімге Абай университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бану Нарбекова қатысып қайтты.

Өткен жылдың желтоқсан айында «Сириус» білім беру орталығы Абай университетінің басшылығымен кездесіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласқан болатын. Соның нәтижесінде университет заманауи білім беру инфрақұрылымын құруға тікелей атсалысып, орталықтың ғылыми-кадрлық қамтамасыз етілуіне ықпал етпек. Яғни, алдағы уақытта Алматы және Астана қалаларында құрылатын халықаралық білім беру орталығына арнайы мамандарды даярлайды.

ІІ халықаралық таланттар саммиті Қазақстан-Ресей арасындағы стратегиялық байланысты кеңейтіп, білім беру жүйесінде тың бастамаларды қолға алуға бағытталды. Саммитке ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, халықаралық сарапшылар мен белгілі ғалымдар қатысты. Олардың арасында «Сириуспен» тығыз жұмыс істеп келе жатқан Абай университетінің атынан Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бану Нарбекова да бар. Мұндай бастама Қазақстан білім беру жүйесіне ақпараттық технология бағытында тың ілгерілеу бермек.

Абай университетінің негізгі құндылығы – педагогикалық сараптама мен кадр даярлау тәжірибесі. Осы негізде жоғары оқу орнында STEM+AI бағытында қосдипломды бағдарламаларын әзірлеуге, математика, физика, химия, биология пәндерін жасанды интеллектпен ықпалдастырған жаңа буын оқу бағдарламаларын жасауға және қосдипломды бірлескен магистрлік бағдарламаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Педагог мамандарды даярлауда дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің жаңа моделін қалыптастыру да көзделген. Яғни, «Сириус» мектебіне арналған арнайы педагогтарды даярлап, олар технологиялық интеграция негізінде оқытылады. Ғылыми және инновациялық қызметі сарапталып, оқушыларға арналған ғылыми жобаларды педагогикалық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу әдістемесі үйретіледі. Сондай-ақ университет базасында бірлескен зертханалар мен зерттеу топтарын құру, AI in Education, EdTech, STEM Education бағыттарында зерттеулер жүргізу қолға алынады. Осы секілді Абай университеті көптеген идеяларды ұсынып отыр. 

Мұғалімдерге арналған жаңа форматтағы курстар мен оқу-әдістемелік кешендер, цифрлық контент әзірлеу де маңызды бағыттардың бірі болмақ. Педагогтарға арналған AI құралдарын енгізіліп, болашақ мамандардың біліктілігі артады. Бұл серіктестік университет үшін трансформацияға жол ашатын мүмкіндік. Соның негізінде білім беру бағдарламаларын жаңартып, пәнаралық және зерттеуге бағытталған оқыту форматына көшу жоспарланған. Аталған жоба болашақ педагогтарды жаңа форматта даярлауға ықпал етеді.

Халықаралық саммит негізінде қол қойылған меморандум еліміздің педагогикалық білім беру саласына жаңа серпін береді дегенге сенім мол.

 

«Abai University» медиа орталығы