Ашық семинар сабағы «Жарыстар кезіндегі спортшылардың қарым-қатынас стандарттары»

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Рақым Баялиев «Спорт және жарыс этикасы» пәні бойынша 1 курс 3-ші топ студенттерінің қатысуымен «Жарыс кезіндегі спортшылар арасындағы қарым-қатынас нормалары» тақырыбында ашық семинар өткізді.


Ашық семинардың мақсаты – ұстаздың бойына спорттағы және жарыстар кезіндегі этикалық категорияларды – әдептілік, мейірімділік, ұят, ар-намыс, жанқиярлық, борыш сияқты этикалық қасиеттерді сіңіру, сонымен қатар болашақ спортшылардың құзыреттілігін қалыптастыру және этиканың негізгі ұғымдарын түсіндіру. Ашық семинарда және жарыс барысындағы жаттығуларда қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Спорт және жарыс этикасы» пәнінің мазмұны мен ерекшелігін түсіндіру, болашақ мұғалімдердің спорттық және жарыс этикасын қалыптастыру, дене қабілеттерін арттыру мақсатында спорттық этиканы дамыту арқылы спорттық және жарыс этикасын оқыту әдістемесі, интерактивті әдістерді пайдалана отырып рефлексия.


Ашық семинарға кафедра оқытушылары Лаура Орынбаева, Назерке Кәден, Гүлзинеб Еранова, Шынар Болатқызы, Жасұлан Кәрібаев қатысты.