«Қарттарым – баға жетпес байлығым» атты іс-шарадан репортаж

2025 жылдың 3 сәуірінде Жаратылыстану-география факультетінің орыс тілі бөлімінің 1 курс студенттерінен құралған «Тіл-таным» клубының мүшелері Меруерт Әлібаева мен Сәуле Нұрғалидың жетекшілігімен «Демеу» қарттар үйіне барып, «Қарттарым – баға жетпес байлығым» атты қайырымдылық акциясын өткізді.


Шараның басты мақсаты – қарттарға құрмет көрсету, ұлттық тәрбиені дәріптеу, мейірімділік пен қамқорлыққа тәрбиелеу. Қарттарға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін студенттер түрлі тәттілер мен жемістер әкелді. Сонымен қатар, арнайы сыйлықтар табыс етілді.


Бағдарлама аясында студенттер ән айтып, тақпақ айтып, көңілді ойындар ойнап, шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Қариялар қуана қатысып, ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Іс-шара мейірімділік пен жылылық жағдайында өтті.


Бұл кездесу жастар мен үлкендер арасындағы рухани байланысты нығайта отырып, аға ұрпаққа деген құрмет пен қамқорлықтың маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтті.