«Үздік студенттік ғылыми ұйым» байқауының жеңімпаздары анықталды

2025 жылдың 8 сәуірінде Ғылым апталығы аясында Жас зерттеушілер кеңесінің бастамасымен студенттер арасында «Үздік студенттік ғылыми ұйым» байқауы өтті.


Шара Абайдың 180 жылдығына арналды және университеттің үздік студенттік ғылыми ұйымын анықтау арқылы ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын студенттерді ынталандыруға бағытталған.


Байқау үш кезеңнен тұрды:

I кезең – «Менің ұйымшыл ұйымым» шығармашылық таныстыру;

II кезең – «Жылдам жауаптар», академиялық жазу саласындағы білімді тексеруге бағытталған;

ІІІ кезең – «Біз зерттеп отырған мәселе», онда қатысушылардың ғылыми белсенділігі жарияланымдары бойынша бағаланды.


Студенттер әртүрлі форматта: презентациялар, бейнежазбалар және аралас презентациялар түрлері бойынша сайысқа түсті, сонымен қатар ғылыми жарияланымдар арқылы өздерінің зерттеу әрекеттерін көрсетті.


Байқауға келесі ұйымдар қатысты:

Құрамына Зарина Ерсайын, Арайлым Елшібек, Жанерке Ерланқызы, Мәдина Бақатай, Санжар Ринатов, Сүлеймен Әмірбек кірген жаратылыстану-география факультетінің «Химия ұшқыны» ғылыми ұйымы. Ғылыми жетекшісі – PhD докторы, аға оқытушы Әсем Ұзақова.


Жаратылыстану-география факультетінің «Аяла» экоклубы, студенттері Асылбек Мырзақұл, Ләйлә Секербекова және Сабина Аққайыр. Ғылыми жетекшісі – п.ғ.д., профессор Күлжахан Бәкірова.


Дильназ Кенжебаева, Әдемі Жұмабекова, Гүлназ Берікқызы және Камилям Сұлтановадан құралған Педагогика және психология факультетінің «АльфаСУД» ұйымы. Ғылыми жетекшісі – PhD докторы, аға оқытушы Алмаш Тұралбаева.


Ғылыми сайыс қызықты және тартысты жағдайда өтті: қазылар алқасының мүшелері сұрақтар қойып, қатысушылар толық және дәлелді жауаптар берді.


Байқау қорытындысы бойынша:

1 орынды Педагогика және психология факультетінің «АльфаСУД» ұйымы иеленді;

2 орын – Жаратылыстану-география факультетінің «Химия ұшқыны» ұйымы;

3 орын – осы факультеттің «Аяла» экоклубы.


Байқауға қатысушылар мен жеңімпаздар басқарма төрағасы – ректордың алғыс хаттарымен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.