12.05.2026
СТУДЕНТТІК ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Өтінімдерді
қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 15 мамыр, сағат 18:00 дейін
(жергілікті уақыт бойынша)
Erasmus+ KA171 – University of
Chieti-Pescara
2026/2027 оқу жылы – Күзгі семестр
Ұтқырлық кезеңі: 2026 жылғы 1 қазаннан 2027 жылғы 28 ақпанға дейін
ҚОЛЖЕТІМДІ ШӘКІРТАҚЫЛАР
6-аймақ –
Орталық Азия
Erasmus+
бағдарламасы аясында келесі елдердің студенттеріне 5 шәкіртақы
ұсынылады: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан , Түрікменстан
Әрбір ұтқырлық бағдарламасының ұзақтығы — 5 ай
(1 семестр), яғни 01.10.2026 – 28.02.2027 аралығы.
ШӘКІРТАҚЫ ШАРТТАРЫ
Бағдарлама
қатысушыларына төмендегідей қолдау көрсетіледі:
- Ұтқырлық кезеңі бойы ай сайын 900 еуро
көлемінде шәкіртақы
(жалпы сомасы — 4 500 еуро) - Ерекше қолдауды қажет ететін студенттерге ай сайын
қосымша 250 еуро үстемақы
(экономикалық, әлеуметтік, медициналық, географиялық немесе өзге де кедергілерге байланысты, Erasmus+ Inclusion and Diversity нұсқаулығына сәйкес)
— қаржыландыру болған жағдайда. - Жол шығындарын өтеу — жіберуші және қабылдаушы
университеттер арасындағы қашықтыққа сәйкес, Еуропалық комиссияның
Erasmus+ қашықтық калькуляторы негізінде есептеледі: (https://erasmus-plus.ec.europa.eu/resources-and-tools/distance-calculator)
Erasmus+ Distance Calculator
ҚОСЫМША ҚОЛДАУ
Университет
келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
- Chieti және Pescara қалаларындағы кампустарда
тұрғын үй табуға көмек көрсету;
- Ұтқырлық басталғанға дейін және бағдарлама
барысында итальян тілі курстарын ұйымдастыру.
ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Бағдарламаға
төмендегі талаптардың барлығына сәйкес келетін үміткерлер ғана қатыса алады:
- 2026/2027 оқу жылында өз университетінде төмендегі
білім беру бағдарламаларының бірінде білім алуы тиіс:
- бакалавриат бағдарламасы (тек
бітіруші курс студенттері);
- магистратура;
- докторантура (PhD).
- Университеттен берілген ресми студент мәртебесін
растайтын анықтаманы/сертификатты ұсынуы қажет.
Өтінім беру мәселелері бойынша
хабарласуға болады:
Күнту Әсем – Халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекші маманы
+7 707 850 14 94