09.04.2025
Дарынды студенттерге Абай атындағы шәкіртақы тағайындалды
2024 жылы дарынды студенттерді қолдау аясында «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» акционерлік қоғамы «Абай» стипендиясын тағайындау туралы ережені бекітті. Жаңа бағдарламаға басқарма төрағасы – ректор Болат Тілеп бастамашы болды. Алғашқы байқауға 20-дан астам студент қатысып, үздік 10 оқушы Абай атындағы шәкіртақыға ие болды. Бір қызығы, Абай бағдарламасының шәкіртақысының алғашқы он иегерінің барлығы кейіннен Президенттік стипендияға ие болды.
Биылғы жылы бұл бастама өз жалғасын тауып, Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толу қарсаңында студенттерге қаржылай қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың білім алуына да ықпал етуде.
2025 жылдың 4 сәуірінде тәуелсіз комиссия университеттің шәкіртақы алуға құқығы бар 27 үздік студентін таңдады. Байқау қорытындысы бойынша оқу үлгерімі ерекше, сонымен қатар университеттің ғылыми-зерттеу және қоғамдық өміріне белсене қатысқан 10 студентке Абай атындағы шәкіртақы берілді.
Абай атындағы шәкіртақы иегері атанды:
- Мижитова Фируза Рахымжанқызы (тарих және құқық факультеті)
- Мұханова Аяулым Алдабергенқызы (тарих және құқық факультеті)
- Есенәлі Алтынай Байғалиқызы (математика, физика және информатика институты)
- Айдабай Айғаным Айтуғанқызы (математика, физика және информатика институты)
- Бекжан Диана (жаратылыстану және география факультеті)
- Қазибаева Жансая Ғабитқызы (Педагогика және психология факультеті)
- Воротникова Елизавета Сергеевна (педагогика және психология факультеті)
- Данильчук Валерия Николаевна (Сорбонна институты-Қазақстан)
- Тілеубай Арсен (Сорбонна институты-Қазақстан)
- Азиз Мадина Иманғалиқызы (филология факультеті)
Абай атындағы шәкіртақы бір академиялық кезеңге тағайындалады және ай сайын төленеді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және байқаудың барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз! Бұл бастама студенттердің оқу және ғылыми мансабында одан әрі табысқа жетуіне ынталандыру болатынына сенімдіміз.