АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

«Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Университет) 2026-2027 оқу жылына институт және факультеттердің кафедра меңгерушілері лауазымдары бойынша бос жұмыс орындарына байқау жариялайды.

 1.      Сорбонна-Қазақстан институты бойынша:

·         Экономикалық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі -1

2.      Тарих және құқық факультеті бойынша:

·         Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Ежелгі орта орта ғасырдағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының  меңгерушісі – 1
·         Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Құқықтану кафедрасының меңгерушісі - 1

3.      Математики, физики және информатика факультеті  бойынша:

·         Математика, физика және информатиканы оқытудың әдістемесі кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Математика және математикалық моделдеу кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Физика кафедрасының меңгерушісі - 1

4.      Әлем тілдері факультеті бойынша

·         Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі - 1

5.      Филология факультеті бойынша:

·         Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі - 1

6.      Өнер факультеті бойынша:

·         Дизайн кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Көркем білім беру кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Музыкалық білім және хореография кафедрасының меңгерушісі - 1

7.      Педагогика және психология факультеті бойынша:

·         Арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі -1
·         Бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Педагогика кафедрасының меңгерушісі - 1

8.      Жаратылыстану және география факультеті бойынша:

·         География және экология  кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Биология кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Химия кафедрасының меңгерушісі - 1

9.      Шетел азаматтарына және жоғары оқу орнына дейінгі даярлыққа арналған «Foundation» факультеті бойынша:

·         Шетел азаматтарына және жоғары оқу орнына дейінгі даярлыққа арналған «Foundation» факультеті кафедра меңгерушісі – 1

10.  Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті бойынша:

·         Сауықтыру-спорт кафедрасының меңгерушісі – 1
·         Бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі – 1

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білімі, ғылым кандидаты, ғылым докторы және философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі, педагогикалық, басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар адам, не ғылыми-педагогикалық немесе кәсіптік қызмет бағыты бойынша ұйымдарда кафедра қызметіне сәйкес келетін кемінде 5 жыл өтілі;

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға университеттің Кадр саясаты басқармасына (электрондық және қағаз нұсқада) конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Басқарма Төрағасы - Ректордың атына конкурсқа қатысу туралы белгіленген нысанда  өтініші (1-Қосымша);

2) үміткердің 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті электрондық фотосуретімен қызметтік тізімі (2-Қосымша);

3) үміткердің электрондық және қағаз форматтағы сауалнамасы  (3-Қосымша*);

4) жеке куәліктің көшірмесі;

5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмесі, салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары;

6) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (соңғы 3 жылдағы).

7) шет тілдерін меңгергені туралы сертификаттар (бар болған жағдайда);

8) Бас ғалым хатшы куәландырған ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі (соңғы 3 жылдағы);

9) № 075 формасындағы медициналық анықтама немесе санитарлық кітапша, флюрография;

10) наркологиялық, психоневрологиялық ұйымдарда есепте жоқ екенін растайтын анықтама;

11) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

13) даму бағдарламасының жобасы (көлемі 5-6 слайдтан аспауы тиіс);

14) қосымша құжаттар: соңғы жұмыс орнынан мінездеме және/немесе ұсыныс хат, сондай-ақ үміткер біліміне, кәсіби деңгейіне және т.б. қатысты қосымша ақпараттарды беруге құқылы.

Шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары берген білім туралы құжаттар Білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.

Конкурсқа қатысуға құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болса, өтініш барлық құжаттармен бірге конкурс өткізу басталғанға дейін өтініш берген тұлғаға қайтарылады.

Конкурсқа қатысуға өтініш пен құжаттарды беру мерзімі:  хабарландыру жарияланған күннен бастап 2026 жылдың «15» мамырына дейін (қоса алғанда).

 Құжаттарды қабылдау:

1) жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде сканерленген нұсқада hr.konkurs@abaiuniversity.edu.kz электрондық поштаға ұсыну қажет;

2) Алматы қ., Достық даңғылы, 13 (№102 кабинет, 1 қабат) мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.30-дан 17.00-ге дейін қолма-қол қабылданады;

3) Abai Digital  жүйесінде (https://abai.digital/ )  қажетті ақпараттарды толтыру қажет.

Анықтама телефоны: 8(727) 291-34-35

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.

* Сауалнама деректерімен жұмыс істеу рәсімі:

Үміткерлердің әрқайсысы ұсынылған «Үміткердің анкетасы» бланкісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, үміткердің академиялық кезеңдегі қызметінің нәтижелерін көрсететін жеке көрсеткіштер негізінде толтырады;

Сауалнамаларды толтыруды үміткерлер «өлшеу жиілігі» сауалнамасында көрсетілген кезеңде қол жеткізілген нәтижелер негізінде жүргізеді.