23.02.2026
Әдістемелік STARTUP байқауы

«ҒАЛЫМ
МҰРАСЫ – ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ»
Әдістемелік
STARTUP байқауы
Құрметті білім алушылар мен жас педагогтер!
Қазақ тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесінің
дамуына зор үлес қосқан ғалым С. Рахметованың 95 жылдық мерейтойына орай
2026 жылғы 20 ақпан – 1 наурыз аралығында әдістемелік STARTUP байқауына
қатысуға шақырамыз.
Байқау барысында қатысушылар ғалымның ғылыми-әдістемелік
идеяларын заманауи цифрлық білім беру технологияларымен ұштастырып, нақты білім
беру өнімдерін әзірлейді.
Байқаудың мақсаты
Ғалымның әдістемелік мұрасын жаңғырту және оны
цифрлық білім беру ортасында қолданудың тиімді үлгілерін әзірлеу.
Қатысушылар
·
бастауыш
сынып мұғалімдері
·
педагогикалық
мамандық студенттері
·
магистранттар
Қатысу
форматы: командалық (2–4 адам)
Байқау тапсырмалары
Әр команда төмендегі 3 білім беру өнімін
әзірлейді:
I. Авторлық мини-оқулық
Мақсаты:
Ғалым әдістемесі негізінде бір тақырып бойынша қысқа оқу құралын дайындау.
Көлемі: 15–20 бет
Форматы: PDF / Canva кітапша / интерактивті кітап
II. Цифрлық тапсырмалар банкі
Мақсаты:
Бастауыш сыныпқа арналған интерактивті жаттығулар жинағын құрастыру
Міндетті талаптар:
кемінде 15 тапсырма, әр
тапсырмада:
·
нұсқаулық
·
дұрыс
жауап
·
бағалау
критерийі
·
кері
байланыс
Платформалар:
LearningApps / Wordwall / Quizizz / Genially / Liveworksheets
III. Мобильді қосымша прототипі
Мақсаты:
Қазақ тілін үйретуге арналған мобильді оқыту идеясын ұсыну
Ұсыну форматы:
Figma / Canva / PowerPoint mockup
Міндетті бөлімдер:
·
Басты бет
·
Дыбыстарды
үйрену бөлімі
·
Сөздік
қор бөлімі
·
Ойын
бөлімі
Қорғау форматы
Әр команда 7 минут ішінде:
·
өнімдерін
таныстырады
·
ғалым
идеяларымен байланысын негіздейді
·
практикалық
маңызын дәлелдейді
Номинациялар мен марапаттар
·
Үздік
мини-оқулық
·
Үздік
цифрлық тапсырмалар банкі
·
Үздік
мобильді қосымша идеясы
Жүлде қоры:
·
1-орын — 30 000 тг
·
2-орын — 20 000 тг
·
3-орын — 10 000 тг.
Конкурсқа ұсынылған өнімдерді қорғау 2026 жылғы 2
наурыз, сағат 14:00-де өтеді.
Өткізу
форматы: офлайн / онлайн (Zoom/Teams)
Ұйымдастырушы: Бастауыш білім
беру кафедрасы
Конкурсқа тіркелу және қосымша
ақпарат алу үшін:
Тел.: 87024021130
E-mail: rabiga68@mail.ru
Тіркелу сілтемесі:
https://drive.google.com/drive/folders/1QRSQXB2VYjGotrHcXGxhC6oCP4_wyEGC?usp=sharing