Абай университеті «Сарайшық» облыстық физика-математика мектебімен ынтымақтастықта

2025 жылдың 2 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Атырау қаласында орналасқан облыстық физика-математика «Сарайшық» жекеменшік мекемесі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Салтанатты шараға Абай университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, оқу ісі департаментінің директоры Хайрулла Жанбеков, кәсіптік бағдар беру және дамыту департаментінің директоры Алмас Найманбаев және «Сарайшық» физика-математика мектебінің директоры Дастан Молдабаев қатысты.


Меморандумның мақсаты – білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту және тараптар арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізу. Құжат келесі бағыттар бойынша бірлескен жұмысты қарастырады: кәсіптік педагогикалық білім мазмұнын жаңарту және студенттерді педагогикалық практикаға дайындау; оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу; мұғалімдерге қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін мамандарды даярлау; ғылыми зерттеулер, жаңа әдістер мен жарияланымдар бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізу және тарату.


Абай университеті мемлекеттік мектептермен де, жеке сектордағы оқу орындарымен де тығыз әріптестік байланыста.