10.04.2026
ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯ ТОҒЫСҚАН ОНКҮНДІК ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі» тақырыбы аясында өткен Ғылым декадасыныңсалтанатты жабылу рәсімі өтті. Ғылым қызметкерлері күніне орайластырылған ауқымды ғылыми іс-шарада онкүндік қорытындысы шығарылып, алдағы даму бағыттар айқындалды. Жиын барысында ғылым мен білім саласына үлес қосқан университет қызметкерлеріне ҚР ҒжЖБ министрлігі тарапынан марапаттар табыс етілді.


Онкүндік шеңберінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытындағы өзекті мәселелер қарастырылып, ғылым мен білім беру үдерістерінің жаңа тәсілдері талқыланды. Іс-шаралар жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамытуға және олардың зерттеу мәдениетін қалыптастыруға бағдарланды. Онымен қоса, Ғылым декадасына Қазақстанның барлық өңірлерінен келген мектеп оқушылары қатысып, өз ғылыми жобаларын таныстырды. Бұл бастама жас буынның ғылымға қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби бағдарын айқындауға ықпал етті.


– Бүгін біз бәріміз үшін маңызы зор, мазмұны бай, тағылымы терең онкүндіктің қорытындысында бас қосып отырмыз. Декада барысы тек іс-шаралар жиынтығымен шектелмей, болашақ ғылымның іргетасын қалауға бағытталған жүйелі жұмысты ұсынды. Онкүндік аясында мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайтуға көзделген ғылыми жобалар көрмесі, білім беру алаңдары, стартаптар мен инновациялық бастамалар ұйымдастырылды. Бұл – ғылымға бет бұрған жас буынның нақты жетістіктері. Биылғы декаданың басты ерекшелігі – цифрландыру мен жасанды интеллект тақырыптарының кеңінен қамтылуы. Аталған бағыттарда мазмұнды пікір алмасулар жүргізіліп, университетіміздің уақыт талабына сай дамып келе жатқаны байқалды», – деді Болат Анапияұлы.

Осы уақыт аралығында «Research Lab Day» форматындағы зертханалар таныстырылымы, ғылыми кітапхананың ашық есік күндері жәнеTOP-time семинарларға Германия, Ресей Федерациясы және Қытай елдерінен келген ғалымдар қатысты. Сондай-ақ сарапшылар заманауи зерттеу әдістері, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті білім беру және ғылым саласында қолдану бағытында мазмұнды баяндамалар жасалған.
Жабылу салтанатында ғылымды дамытуға елеулі үлес қосқан университет оқытушылары мен қызметкерлері марапаттармен марапатталды. Тіл саясатын дамытуға ерекше үлес қосқаны және тілдерді дамыту саласын жетілдіруге белсенді атсалысқаны үшін «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі берілді. Олардың қатарында филология ғылымдарының кандидаты, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Элеонора Кансейтова мен тарих ғылымдарының кандидаты, Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Бибігүл Абенова бар.

Сонымен қатар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым үздігі» құрмет дипломы, «Құрмет» грамотасы және Алғыс хаты университет ғалымдары мен оқытушы-профессорлар қауымына табысталды.