23.02.2026
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТЕДІ

2026 жылдың 3 наурыз күні сағат 15.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті диссертациялық кеңесі жанындағы 8D013-Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді «6D010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» даярлау бағытындағы философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін дайындалған Сугуралиева Алия Муханбеджановнаның «Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» диссертациялық жұмысы талқыланады.
Диссертациялық кеңес жанындағы Ғылыми семинар онлайн және оффлайн форматта өткізіледі.
Диссертация Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда университетінде орындалды.
Семинар тілі - қазақша.
Ғылыми кеңесшілер:
Майгельдиева Шарбан Мусабековна –
педагогика ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің
профессоры, (Қызылорда қ., Қазақстан);
Каргапольцева Наталья Александровна –
педагогика ғылымдарының докторы, Орынбор мемлекеттік университетінің
профессоры, (Орынбор қ., Ресей).
ZOOM: https://zoom.us/j/3884347781?pwd=aQgoDZY6a4Tj27CUXeUND1Ja9WxjIq.1&omn=98039373942
ID: 388 434 7781
Код: 110500
Мекен жайы: 050010, Алматы қ., Төле би, 31, (13
аудитория).