Жасанды интеллект дәуіріндегі ғылыми зерттеулер» тақырыбында Top-Time семинар өтті

2026 жылдың 03 сәуірінде «Ғылым декадасы – 2026» аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-зерттеушілері «Жасанды интеллект дәуіріндегі ғылыми зерттеулер» тақырыбында Top-Time семинарын өткізді.

Семинар барысында:

🔹 Профессор-зерттеуші Сұлтанбаева Гулмира Серікбайқызы – цифрлық кеңістіктегі дезинформация, медиасауаттылық және ЖИ арқылы фактчекинг мәселелерін талдады;

🔹 Профессор-зерттеуші Ахметов Бақытжан Сражатдинович – жасанды интеллекттің білім беру мен ғылымдағы рөлі, нейрожелілер мен үлкен деректердің мүмкіндіктерін көрсетті;

🔹Профессор-зерттеуші Жумагулов Болат Сагидоллаевич – ЖИ технологияларының тарихи зерттеулерге ықпалы мен деректерді жаңа тәсілмен талдау мүмкіндіктерін ашып көрсетті;

🔹 Профессор-зерттеуші Жексенбек Тоқтарбай  – ғылыми жарияланымдарда ЖИ қолданудың этикасы мен халықаралық стандарттарын түсіндірді.

Іс-шара студенттер, магистранттар, докторанттар және профессор-оқытушылар құрамының белсенді қатысуымен өтіп, ғылыми пікір алмасуға тиімді алаң болды.