06.05.2026
ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Жоғары оқу орындары арасындағы
ынтымақтастық туралы келісім аясында Erasmus+ академиялық ұтқырлық
бағдарламасы бойынша «Жоғары оқу орындарының студенттері мен
қызметкерлерінің ұтқырлығы» (Erasmus+ Mobility of Higher Education Students and
Staff) бағытына қатысу үшін конкурс жарияланады. Бағдарлама аясында Эстониядағы
Таллин университетіне академиялық алмасу қарастырылған.
Ынтымақтастық туралы келісім 2024–2027
жылдарға арналған конкурс кезеңі шеңберінде жүзеге асырылады және KA171
бағыты бойынша студенттер мен/немесе қызметкерлер алмасуын көздейді.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
·
шет тілін кемінде B2 деңгейінде меңгеру;
·
шет тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификаттың
болуы.
Құжат тапсыру мерзімі:
·
құжаттар 2026 жылғы 15 мамырға дейін
қабылданады;
·
үміткерлер тізімі 2026 жылғы 8 мамырға
дейін ұсынылуы тиіс.
Байланыс ақпараты:
Барлық сұрақтар бойынша:
Күнту Асем – Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінің
жетекші маманы
Телефон: +7 707 850 1494